Біз - GOROZHANYM,
урбанистика саласында, атап айтқанда - Қазақстан мен Орталық Азия қалаларындағы қалалық диалог, қоғамдастықтардың өзара әрекеттестігі, оларды қатыстыру және зерттеу тақырыбы бойынша сарапшылармыз.
-
ҚОҒАМДАСТЫҚ ҮШІН, ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ
Сізге қаланы зерттеу қандай кезде керек?
  • Ірі инфрақұрылымдық жобаның түсінікті жол картасын алғыларыңыз келгенде
  • Егер қаладағы өзгерістерге қатысқан барлық адамдардың дауысын естіп, аумақты пайдалану сценарийлерін егжей-тегжейлі зерттеуді қаласаңыз
  • Немесе туристік бағдарламаларда не нәрсеге үміт арту керектігін – “біздің жердің рухы”, “жұрт мінәжат ететін символ”, “қасиетті орын” қайда екенін түсіну қажет болғанда.
Бұл жерде нәтиже беретін құралдар – адамдармен жұмыс істеудің сапалы әдістері: сұхбат – сараптамалық және тереңдетілген, менталдық карта жасау, обсервация әдістері және ортаны талдау.

“Кез келген аумақпен жұмыстағы алғашқы қадам - оның контекстіне еніп, сол жердің болмысын түсіну, ойыңда қалыптасқан бейнені сол аумақты күнделікті пайдаланатын адамдардың көзқарасымен үйлестіру аса маңызды. Социологиялық және антропологиялық зерттеу - сол жерге байланысты түрлі аңыздар, мағыналар мен идеялар сақтаулы тұрған қобдишаны ашатын кілт”.

Дарья Коваленко, ATLAS, ex Strelka KB. халықаралық компаниясында жобалардың жетекшісі
Зерттеу
Сізге қалалық модерация не үшін керек?
  • Егер қалалық қоғамдастықтар, сарапшылар және муниципалдық қызметтер арасында қауіпсіз талқылау өткізгіңіз келсе,
  • Егер сізге күрделі қалалық шешімді іске асыру (қала-хаб, жаңа әуежай немесе курорт салу) үшін қарама-қарсы аймақтардан сараптама нәтижесін жинау қажет болса
Сізге икемді коммуникация форматтарының кең ауқымы – модерациялық/фасилитациялық сессиялар, пікірталас пен дөңгелек үстелдер, фокус-топтар, сараптамалық талқылау, қоғамдық тыңдау, паблик-ток пен форсайт-сессиялар ұсынылады.
Коммуникация саласының маманы ретінде маған стейкхолдерлермен диалогтың кәсіби деңгейде құрылуы өте маңызды. Сондықтан біз стратегиялық сессия модерациясына Горожаным ұжымын тарттық.
Модераторлардың деңгейі жоғары екенін, пікірталасты басқара алатынын және талқылау динамикасын сақтай білетінін ерекше атап өткім келеді. Олар сәтімен ашық әрі сенімді ахуал қалыптастырды.
Процестің жақсы ұйымдастырылуы бізге барлық мәселені нәтижелі талқылауға және сындарлы шешім әзірлеуге мүмкіндік берді”.

Әсел Қожахметова, Sergek Group коммуникациялар жөніндегі директоры
Vision Zero, Қайта жүктеу, Sergek Group, сапалы зерттеу,
сараптамалық модерация, 2024 жылғы жаңартылған/бірге қатысу стратегиясын құру
Модерация
  • Егер инвестицияларыңызға сенімді болғыңыз келсе
  • Егер сізге икемділігін, айқындығын, беріктігін, қолдануға болатындығын, пайдалануға ыңғайлылығын, донорлық қабілеттілігін және сонымен бірге бірегейлігін тексеру үшін жылдам пилот керек болса
  • Егер жобаларыңыздың аумақтардың тұрақты дамуына қозғау салуына қажеттілік болса

Сіздің аумақтарды бірлесіп жобалау және, ең бастысы, оларды бірге іс жүзіне асыру және түрлендіру үшін плейсмейкинг, тактикалық урбанизм және фестиваль форматтары құралдарын пайдалануыңызға болады.
“Антрополог ретінде мен үшін партисипация құралы біздің негізгі әдісіміз - далада белсенді түрде бақылаудың бейнесі іспеттес. Ол шынайылықты зерттеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сол ортаға біртіндеп еніп, оның бөлігіне айналуға және тіпті оны өзгертуге жол ашады.
Осы тұрғыдан алғанда, партисипация - жай ғана зерттеу тәсілі емес, ол бытыраңқы топтарды біріктіретін, адамдардың бір-бірін тыңдауына, нақты диалог арқылы ортақ шешімге келуіне көмектесетін көпір”.

Зарина Адамбосынова, антрополог, MONO: Rethinking Urban Spaces: Central Asian Post-Mining Towns in Focus Урбан Мектебінің жетекшісі
Партисипация және плейсмейкинг
Көрпе – бұл Алматы қоғамдастығының 2023 жылдағы даму жағдайының қимасы.
Зерттеу кітабы, қоғамдастықтарды тартып қатыстыру туралы диалог. Онда қағидаларға қоса, мәдениет экономикасы мен аумақтардың әлеуметтік әлеуеті тұрғысынан тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген чек-лист, әдістеме мен лайфхак қамтылған.
Ұжым
Қатысуға тарту және бірге қатысу жобаларын жасайтын ұжым
  • Алеся Нугаева
    Зерттеуші, Gorozhanym жетекшісі
    Урбанист, қалалық зерттеуші, қоғамдастықтармен жұмыс, партисипация, қалалық сәйкестік бойынша сарапшы
    Ғылым кандидаты дәрежесін алуға талпынушы, professor of practice Urban Center AlmaU.
    Білім беру урбан бағдарламаларының куратор-әдіскері: Design Thinking Lab, Digital Urbanism, Urbanitarium, Almaty City Design School, FIELD SUMMER SCHOOL Rethinking Urban Spaces
    Қалалық фестиваль және безендіру кураторы: «Ақ тиін – Атакент», Art Energy, EXPO Nauruz (FUNK agency)
  • Надежда Червякова
    Gorozhanym модераторы, кураторы
    2017-2020 жылдары Британдық кеңестің БізАлматы бағдарламасының фасилитаторы
    2019 жылы Тірі қалалар форумының бағдарламалық директоры
    Алматының қалалық қоғамдастықтары туралы «Көрпе» кітабының бірлескен авторы
    Алматы және Павлодар қалаларындағы бірге қатысып жобалау жобаларындағы қоғамдық талқылау модераторы.
    Өзін «қалалық коммуникациялар [құбырлар емес] бойынша маман» деп атайды
  • Кирилл Вшивков
    Зерттеуші және Gorozhanym медиа-менеджері
    Электрондық шешімдер бойынша сарапшы, урбанист, қаланың әйелдерге қауіпсіздігін және жаяу жүргіншілер мен төмен жылдамдықты көліктің өзара әрекеттесуін зерттеуші.
    "ТАМШЫ" су ресурстарын үнемдеу жобасының бірлескен авторы, әлеуметтік маркетинг және PR маманы

    Urban Center AlmaU "Digital Urbanism: Smart City engineer and digital urban planner" minor program түлегі
+7 707 700 8258
+7 777 236 4298
gorozhanym@gmail.com
Біздің Серіктестеріміз
Біздің қажеттіліктер мен құндылықтарымызға ортақтасатын серіктестер мен сарапшылар өрісі
АҚПАРАТТЫҚ СЕРКІСТЕР
Исследование проведено в феврале-марте 2020 года методом «Face-to-face» и включает в себя анализ потребностей и запросов алматинцев, экспертное мнение служащих районных администраций, экспертов. Партнеры -”Общественный Совет г. Алматы”, “Фонд Сорос - Казахстан”
Документ содержит план подготовки к опросу или интервью
Документ содержит структуру встречи, порядок и логику действий модератора и участников, опорные вопросы и нюансы организации процесса
Документ охватывает все этапы вовлечения людей в создание/изменение общественного пространства с пригласительной кампании до анкеты обратной связи
Театр Соседей - проект партисипации, плейсмейкинга, укрепления локального сообщества. Основан на идее создания общественного пространства, сцены локального театра в нецентральном районе Алматы, мкр.Тастак, 2017-2019г.г. Партнеры “Urban Forum Kazakhstan”, “Фонд Сорос - Казахстан”.

Сайтты "OpenSun" электрондық шешімдер агенттігі жасаған
Байланыс деректері